Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» жобасы бойынша

ПІКІР

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі — кітап», — деп атап өткен болатын. 2018 жылғы 12 сәуірдегі Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» жобасы бойынша өткізілген презентацияға қатысуы жас ұрпаққа көңіл бөлудің бір көрінісі деп білемін. Бұл оқулықтар — әлемнің дамыған жоғары оқу орындарында қолданылатын оқулықтар. Еліміздің болашағын, сол болашақта елімізді көркейтуге ат салысатын мамандарды тәрбиелеу ісіне республикамызда көп көңіл бөлініп отыр.

Президент ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша философия, социология, менеджмент, мәдениеттану және журналистика салалары бойынша ана тілінде оқулықтардың шығуы қазақ тілінің көркеюіне, ана тілінде жұмыс істейтін мамандардың білімдерінің шыңдалып, жаңа технологияларды меңгеруіне көмегін тигізетіні сөзсіз.

Жоба жастарымызды дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуына кең жол ашып,жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз. Әлемнің озық 100 оқулығымен жастарымыз өзінің ана тілінде таныса алады. Қазақ әдебиетінің ғана емес,әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармалар жастарымыздың ой-өрісін, таным көкжиегін кеңейтуге сөзсіз үлесін қосатын болады. Бұл кітаптар өміршең, сұранысқа ие болатын, жастардың ғана емес, жалпы оқырмандардың жүрегіне жол таба алатын кітаптар болатынына сеніміміз зор.

Біз, ұстаздар қауымы, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдаймыз және де ары қарай да жалғасын табады деп үміттенеміз.

«Благовещенка жалпы орта білім беру мектебі» КММ

директоры Мурзатаева Ж.Т

Дата публикации: 18.05.2018